Қазақстанда адамдарды ретсіз тіркеген пәтер иелері жазаланады - B.Лепеха

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғылықты тіркеуі жоқ адамдарды ретсіз тіркеген пәтер иелері жазаланады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.
None
None

«Қазіргі кезде жағдай басқа - егер мен пәтер иесі ретінде пәтерімде тұрмайтын 5-6 адамға тұрғылықты жері туралы тіркеу жасап берсем, соған тиісті жазамды аламын», - деп ескертті И.Лепеха журналистердің сауалына жауап қайыру кезінде.

Оның айтуынша, бұл құқықбұзушылықтар Алматы мен Астанада кең таралып, өте өзекті мәселеге айналып отыр.

«Бұл норма жаңадан пайда болғаны рас. Тіркеусіз жүргендерге қатысты жаза бұрын да болған», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар