Қазақстанда АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде болашақта салынатын атом электр стансаларынан шығатын радиоактивті қалдықтардың тағдыры не болады? Бұл сауалды Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевке қойған едік. 

Қазақстанда АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

— Радиоактивті қалдықтар мәселесі Экологиялық кодекспен реттелмейді, бұл бағытты реттейтін жеке заң бар. Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі құрылуына байланысты, олар құрылыс пен пайдаланудан бастап бүкіл цикл үшін толық жауапты, сондықтан аталған мәселені агенттік реттейді, — деп қысқа қайырды Жомарт Әлиев Астанада өткен IX еуразиялық бизнес форумда агенттік тілшісінің сауалына жауап бере тұрып.

Дегенмен вице-министр атом электр стансасы қызметінде экологиялық кодекстің талаптары назардан тыс қалмайтынын айтып отыр.

— Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселесі кез келген жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді және ұлттық заңнама мен МАГАТЭ-нің барлық талабы ескеріледі. Өйткені, атом энергетикасына қатысты барлық мәселе, сол талаптармен байланысты, — деп толықтырды министрдің орынбасары.

Еске салайық, елімізде салынатын бірінші атом электр стансасы толығымен ұлттық бақылауда болады

Сондай-ақ АЭС-тен өндірілетін электр энергиясының құны ЖЭО мен ЖЭС-тен алынатын электр энергиясына қарағанда жоғары болады

Одан бөлек, Қазақстанның болашақ атом электр стансаларына қажет мамандарды қай елдер даярлап жатқаны туралы жаздық

Соңғы жаңалықтар