Қазақстанда Аи-92/93 маркалы бензиннің бағасы қымбаттайды

2015 жылдың 26 мамырында ҚР Энергетика миниcтрлігінде ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісілген «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы ҚР Энергетика министрінің №361 бұйрығы жарияланды. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне ҚҚС есебімен шекті бағалар мынадай мөлшерде белгіленсін: дизель отынының 1 литрі үшін 99 теңге; Аи-80 бензинінің 1 литріне - 89 теңге, Аи-92/93 бензинінің 1 литріне - 108 теңге»,-деп атап өтілген министрлік мәліметінде. Осы орайда мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы бұйрығының күші жойылды деп танылды. Естеріңізге сала кетейік, осы күнге дейін шекті баға Аи-92/93 бензинінің 1 литріне 99 теңге болған еді.