Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жұмыс тобы құрылды

АСТАНА.KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектеновтің 2025 жылғы 22 мамырдағы өкімімен ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жұмыс тобы құрылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін күшейту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру  — делінген құжатта.

Сондай-ақ жұмыс тобына 2025 жылғы 31 қазанға дейін ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды Үкімет Аппаратына ұсыну тапсырылды.

Ал, аталған өкімнің орындалуын бақылау премьер-министрдің орынбасары Ерлан Қошербаевқа жүктелді.

Жұмыс тобының құрамына мына лауазымды тұлғалар енді:

Премьер-министрдің орынбасары — топ жетекшісі;

Мәдениет және ақпарат министрі — жетекшінің орынбасары;

Мәдениет және ақпарат вице-министрі — хатшы;

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Сыртқы істер министрінің орынбасары;

Ішкі істер министрінің орынбасары;

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының қауіпсіздік мәселелері бөлімі секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

Президент әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

Президент әкімшілігінің цифрландыруды дамыту бөлімі секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

Үкімет аппаратының әлеуметтік даму бөлімі меңгерушісі.

Бұған дейін, Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізгенін хабарлағанбыз

Соңғы жаңалықтар