Қазақстанда ақпараттық технология мен коммуникация саласындағы алғашқы қосдипломды магистрлік бағдарлама жүзеге асырыла бастады

АЛМАТЫ. 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазақ-Британ техникалық университеті мен Ұлыбританияның Ланкастер университеті арасындағы ынтымақтастық меморандумы бойынша мобилді жүйе мен коммуникация бойынша қосдипломды магистратура бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Біздің бұл бағдарламамызға 11 адам жазылды. Оның бесеуі ҚБТУ, үшеуі Сүлемен Демирел университетінің, қалғандары Алматы энергетика және байланыс университетінің және Түркияның Анкара қаласындағы университеттің түлектері. Олар ҚБТУ мен Ланкастер университеттерінің 6 профессорының теориялық дәрістерінен кейін екі оқу орнының бірінде диссертация жазады. Ал алдағы жылы біз оның жалғасы ретінде докторлық бағдарламаны да жүзеге асырғалы отырмыз", дейді ҚБТУ Проректоры, Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Фуад Гаджиев. Оның айтуынша, ҚБТУ-дың серіктес ретінде таңдап алған Ланкастер университеті мобилді байланыс пен технологиялар саласындағы жасалымдармен жеткілікті деңгейде мықтап айналысатын Еуропадағы жетекші университет саналады. Екі оқу орны арасында бұған дейін ақпан-наурыз айларында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын. Келісім бойынша бұл бағдарламаны ҚБТУ тарапынан Ақпаратық технологиялар факультеті, ал Ланкастер университеті жағынан Компьтинг және телекоммуникациялар департаменті басқарады.

Соңғы жаңалықтар