12:10, 26 Ақпан 2018 | GMT +5
Қазақстанда алдағы күндері күн суытады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы күндерде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпанның 27-сі оңтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 30 м/с жетеді деген болжам бар.
Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын антициклон алдымен еліміздің батысына содан кейін республиканың қалған бөлігіне суық ауа райын алып келеді.