Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 15 кен орны ашылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Кодекс жобасында жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығын және болжамдылығын арттыру көзделген. Сонымен қатар ең үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, барлық пайдалы қазбалар үшін келісімшарт жасасуды оңтайландырылған тәсілі енгізіледі. Бұл құжат салалық қауымдастық пен бизнес өкілдерінің қатысуымен әзірленген. Кодекс жобасы жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысында кездесетін кедергілерді жойып, саланың құқықтық базасын жетілдіруге, халықаралық стандарттарға өтуге әрі инвестициялық климатты жақсартып, салаға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасы бойынша баяндамасында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда 104 елдің ішінде Қазақстан геология саласын мемлекеттік реттеу бойынша тек 74-ші орында тұр. Ал жер қойнауының геологиялық тартымдылығы жағынан 45-ші орында.

«Бұл реформа әлемде болып жатқан дағдарыс пен оның салдарынан инвестор тартуға байланысты бәсекелестіктің артуынан туындап отыр. Ұзақ мерзімді шикізат тасымалының тұрақтылығы, жүрігізілетін саясат пен саладағы ашықтық және рәсімдердің жеңілдігі - бүгінгі күннің басты талабы. Бұл Кодекс жобасын әзірлеу барысында австралиялық заң моделін үлгі ретінде алдық. Мұндай шешім бір жарым жылдық зерттеу жұмыстары мен Дүниежүзілік банк ұсынысы нәтижесінде қабылданды. Әлем бойынша Австралияның тәжірибесі үздік деп саналады. Бұл инвесторлардың да берген бағасы»,-деп түсіндірді министр.

Маккэнзидегі кеңесшілер есебінің тұжырымына қарағанда, жаппай геологиялық барлау тетігі іске қосылған жағдайда, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі кем дегенде 15 кен орнын, сондай-ақ тау-кен рудасы аймақтарын ашу болжанып отыр.

«Ең бастысы, Қазақстан геологиялық барлауда сапалы әрі тыңғылықты зерттеледі. Мысалы, Қазақстанда 1 шаршы шақырым есебінен барлауға 7 АҚШ доллары жұмсалады, Австралияда - 167 доллар, АҚШ-та - 87, Канадада - 203 доллар қаржы бағытталады. Яғни бүгінде геологиялық барлауға жұмсалатын инвестициялар елдің қорын толтыруды қамтамасыз етпейді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар