Қазақстанда әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесi өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылғы 5 қазаннан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiне енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
None
None

Қазақстанда жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің өтініштеріне байланысты  «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер енгізілді. Тиісті түзетулер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29  қыркүйектегі № 603 қаулысымен бекітіліп, үстіміздегі жылдың 5 қазанынан бастап күшіне енді.

Қолданыстағы заңдылыққа енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанда әлеуметтік аударымдардың тиындарда есептелген мөлшері 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді. Сонымен қатар әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақыдан төмен емес және 10 еселенген ең төменгі жалақыдан жоғары емес мөлшерде қолданылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін төленетін ӘА-ларды есептеу және аудару ай сайын жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар