Қазақстанда алғаш рет химия өнеркәсібі саласының үздік мамандары арнайы төсбелгімен марапатталды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Химия өнеркәсібі қызметкері күніне арналған химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі кеңес өтті. Шара барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев аталған салағы еңбек сіңірген азаматтарды құттықтап, оларға «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгілерін табыс етті.
None
None

Атап айтқанда, елімізде алғаш рет тапсырылып отырған белгімен «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалының директоры Леонид Франгулиди, өнідіріс шебері Жамбыл Ысқақов, осы серіктестіктің Тараз филиалы Аммофос цехының аға шебері Дәуітбек Құрманқұлов, «Ақтөбе хром қоспалары зауыты» АҚ Өндіріс басқармасының бастығы Фаргат Арсланов, жөндеу-құрылыс цехының бастығы Федор Снегур, шикізат пен дайын өндімді техникалық бақылау бөлімінің бастығы Надежда Панкеева, «Қазазот» ЖШС күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісінің бастығы Жұмабай Иманғазиев, жылу-сумен жабдықтау цехының бастығы

Александр Богданов, күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісі №3 технологиялық бөлімшесінің бастығы Латиф Мехтиев, «Қазазот» ЖШС бас директорының орынбасары Анатолий Крышталь, «Talas investment company» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Досымжан Бержанов, «Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның басқарушы директор Тимур Увалиев, «Хим-плюс» ЖШС-ның басқарма төрағасы Мұқаш Өсембаев, «РауанНалко» ЖШС-ның 6-шы санатты операторы Михаил Осипенко марапатталды.

«Осы жыл біз алғаш рет химия өнеркәсібі қызметкерлерін «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен марапаттап отырмыз. Ұзақ жылғы жемісті еңбектеріңіз үшін шын жүректен зор денсаулық, жаңа табыстар, еліміздің игілігі жолындағы жемісті жұмыстар тілеймін», - деп атап өтті салтанатты шара барысында Ә.Исекешев.

Соңғы жаңалықтар