Қазақстанда алғаш рет өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды жөндеу жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды жөндеу жүргізілетін болды, деп хабарады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Семей инжиниринг» АҚ зауыты қызметінің негізгі бағыты Қорғаныс министрлігі мен еліміздің күштік ведомстволарының сауытты танк техникасын күрделі жөндеуді жүргізу және жаңғырту болып табылады. 2011 жылдан бастап кәсіпорында жаңғыртудың бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Оның барысында кәсіпорынның инженерлік инфрақұрылымы ағымдық жөндеуден өткізілді. Осылайша зауыт пайдалануға берілген Т-72 танктерін күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін заманауи жабдыққа ие болды.

«Екініш кезең аясында 2012 жылы тиісті өндірістік алаңдар қайта құрастырылды, сондай-ақ Т-72 танктері мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды күрделі жөндеуге арналған жаңа цехтің құрылысы басталды. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда өздігінен жүретін артиллериялық құрылғылардың жөнделуі жүргізілмегенін айта кеткен жөн», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, «Семей инжиниринг» АҚ-тың ағымдағы жылы іске қосылатын тиісті құжаттама мен жабдыққа ие. Жаңғыртудың арқасында бүгінде «Семей инжиниринг» АҚ-тың өндірістік қуаттылығы сауытты техниканың барлық түрлерін күрделі жөндеуден өткізуде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттілігін толыққанды қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар