Қазақстанда алғаш рет зейнетақы қорының салымшылары екі миллион адамнан асты
деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол деректер базасында қыркүйектің 1-і күні анықталған. Бұл салымшы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында орта буын басшысы болып жұмыс істейтін астаналық жас жігіт болып отыр.
Жалпы «Қазақстан халық банкі ЖЗҚ» АҚ-на шілде айында "Эксперт РА Қазақстан" рейтингтік агенттігі өз шкаласы бойынша А++ (сенімділік деңгейі ерекше жоғары (аса жоғары) рейтингісін берген еді. Бұл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихында алғаш рет қаржы сенімділігінің рейтингін иеленген бірінші қор болып отыр. Зейнетақы қорлары арасында «Қазақстан халық банкі ЖЗҚ» АҚ-ның үлесі қазіргі таңда жинақталған зейнетақы қаражатында - 31,3 пайыз, салымшылар санында - 25,4 пайз, ал дистрибутитвті желіде - 33,3 пайызды құрайды.