Қазақстанда алғаш рет жүрекке роботтандырылған операция жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында ел тарихында және Орталық Азияда алғаш рет жүрекке роботтандырылған технология арқылы ота сәтті жасалды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Қазақстанда алғаш рет жүрекке роботтандырылған операция жасалды
Фото: ҚР ПІБ Медициналық орталығы

Бұл операцияны Медициналық орталық ауруханасының кардиохирургтері Қытайдан келген мамандар тобымен бірлесе отырып, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның аясында жүзеге асырды.

Қазақстанда алғаш рет жүрекке роботтандырылған операция жасалды
Фото: ҚР ПІБ Медорталығы

— Туа біткен жүрек ақауы — жүрекшелік перде ақауы бар 28 жастағы науқасқа соңғы үлгідегі роботтандырылған хирургиялық жүйе арқылы ота жасалды. Операция дәстүрлі әдіс — стернотомиясыз, яғни кеуде сүйегін ашпай, шағын тілік арқылы жүргізілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қалыпты, — делінген хабарламада.

Қазақстанда алғаш рет жүрекке роботтандырылған операция жасалды
Фото: ҚР ПІБ Медорталығы
Қазақстанда алғаш рет жүрекке роботтандырылған операция жасалды
Фото: ҚР ПІБ Медорталығы

Медициналық орталықтың мәлімдеуінше, бұл операция — жоғары технологиялы кардиохирургияны дамыту мен медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Қазақстанда алғаш рет жүрекке роботтандырылған операция жасалды
Фото: ҚР ПІБ Медорталығы

Айта кету керек, конференция аясында халықаралық мамандардың консультациясы өтті. Медицина ғылымдарының докторы, кардиолог әрі функционалды диагностика маманы (Мәскеу) Ольга Джиоева Медициналық орталық ауруханасының кардиолог мамандарымен бірге науқастарды қабылдаса, Жапониядан келген дәрігер, Әулие Мария ауруханасы гематология бөлімінің меңгерушісі, профессор Jeon Yungwoo тоғыз пациентке консультация өткізді.

Қазақстанда алғаш рет жүрекке роботтандырылған операция жасалды
Фото: ҚР ПІБ Медорталығы

Естеріңізге салсақ, Астанада өткен ірі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын аяқтады. Бағдарлама кардиохирургия, онкология, ядролық медицина, нейрохирургия, терапия, цифрландыру, фармацевтикалық реттеу, мейірбикелік іс, көшбасшылық пен медициналық көмектің сапасын басқару сияқты өзекті тақырыптарды қамтыды.

Форумның жұмысына жетекші клиникалар, Қазақстандағы ғылыми институттар мен университеттердің өкілдері, сондай-ақ оннан аса елден келген шетелдік сарапшылар қатысты.

Конференция тәжірибе алмасу, инновациялық медициналық және білім беру технологияларын дамыту алаңына айналды.

Барлығы төрт мыңға жуық адам конференцияның онлайн және офлайн форматтарындағы іс-шараларына қатысты. Сессиялардың тікелей трансляцияларын қарау саны төрт мыңнан асты.

Соңғы жаңалықтар