Қазақстанда алқабилер болуы мүмкін қысымнан қалай қорғалған

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Жоғарғы соты алқабилерді қысымнан қорғау шараларына түсінік берді.

Алматыда такси жүргізушісін өлтірген екі жасөспірім 12  жылға сотталды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Заңнамада алқабилерді ықтимал қысымнан қорғау шаралары ескерілген. Қылмыстық-процестік кодексiнің 95-бабында қылмыстық істерді қарауға байланысты алқабилерді мемлекеттік қорғау көзделген. Алқабилер ретінде ересек адамдар іріктеледі. Оларға қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, құқық қорғау органдарының әрекет ету тетіктері бар. Сонымен қатар, судьялардың арнайы күзеті жоқ. Атап айтқанда, елімізде алқабилерді болуы мүмкін қысымнан қорғау үшін бірқатар шаралар қарастырылған», - делінген Жоғарғы соттың Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Алқабилер жасырын және жазбаша нұсқада дауыс береді. Яғни, алқабилер шешімі туралы олар өздері ғана біледі. Дауыс беру парақтары тиісті жәшікке салынады. Тиісті санақтан кейін дауыс беру нәтижесі конвертке салынып, іс құжаттарымен сақталады. Бұл іс-қимылдар алқабилер өз пікірлерін жария етуден және айыптау немесе қорғаушылардың теріс реакциясынан қорықпауы үшін қажет.

Алқабилерден өз шешімін түсіндіру немесе дәлелдеу талап етілмейді. Осылайша, олардың жұмысы мүмкіндігінше жеңілдетілген, сондай-ақ қандай да бір күрделі процедуралардан босатылған. Үкімде алқабилердің аты-жөні көрсетілмейді, тек сот отырысына төрағалық еткен судья ғана жазылады. Бұл да алқабилердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының бірі саналады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот 27 наурызға белгіленді

Сондықтан басты сот отырысына алқабилердің бірыңғай тізімінен 300 кандидат шақырылады.

27 наурызда алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді. 

Соңғы жаңалықтар