Қазақстанда алкогольдік ішімдікпен күрес басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 17 мен 26 қазаны аралығында еліміздің барлық аймақтарында ішімдіктен бас тарту Ұлттық күнінің аясында «Алкогольді ішімдіктерден бас тарт!» деген ұранмен онкүндік өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Онкүндік барысында медициналық ұйымдарда мамандар кеңесінің ашық есік күндері өтеді: дөңгелек үстелдер; психолог, нарколог, әлеуметтік мамандардың қатысуымен оқу орындарында алкогольді ішімдіктерден бас тарту әдетін қалыптастыру және т.б. шаралары өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемде алкогольдік өнімдерді шамадан тыс ішуініңнәтижесінде жыл сайын 3,3 млн. адам қайтыс болады», - деп атап өтілген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарламасында.

Шараны өткізудегі мақсат - халықтың алкогольді ішімдіктердің ағзаға тигізетін жағымсыз әсері туралы хабардарлығын арттыру, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Биылғы жылы 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларында ДДСҰ әдісі бойынша ересек тұрғындар мен жасөспірімдер арасында тәуекелді мінез-құлықтық факторларының таралуын анықтау бойынша VI Ұлттық әлеуметтік зерттеу аяқталды. Зерттеу шаралары өмір сүру әдеттерін бағалаудың бұрынғы сараптамаларымен салыстырғанда, ішімдіктерді тұтыну көрсеткішінің төмендеуі анықталды: 1998 жылғы 55%-дан 2015 жылғы 24,2%-ға дейін, ішімдікке шамадан тыс салыну 2012 жылғы 5%-дан 2015 жылғы 4,1%-ға дейін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда алкогольді ішімдіктен бас тарту Ұлттық күні 2007 жылдан бері аталып келеді.  

Соңғы жаңалықтар