Қазақстанда алтын бағасы қандай
АСТАНА. KAZINFORM – Алтынның бір граммы шамамен 63 096 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 11 қыркүйекте алтынның граммы 63 095,60 теңге болды.
Өткен бейсенбі, яғни 4 қыркүйекте бағалы металдың құны шамамен 61 426 теңгеге жеткен.
Бұған дейін елімізде 97,8 тонна алтын қоры бар жаңа 5 кен орны есепке қойылғанын жазған болатынбыз.
Неге шет мемлекеттер алтын қорын АҚШ-та сақтайтынын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
World Gold Council ұйымы, яғни Дүниежүзілік алтын кеңесі Қазақстанның алтын қоры 7,4 тоннаға артқанын мәлімдеді. Осылайша ел резервіндегі алтынның жалпы көлемі 298 тоннадан асқан.
Алтын құйма қалай құйылатынын осы сілтеме арқылы оқи аласыз.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі еліміздің пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзіміне қатысты жаңартылған деректерді жариялады. Кейінгі деректерге сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, еліміздегі алтын қоры 30 жылға жетеді.
Орталық банктер бірінші тоқсанда 244 тонна алтын сатып алды, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда аз. Алтын зергерлік бұйымдарға сұраныс та рекордтық бағалар жағдайында күрт төмендеді, олардың көлемі 2020 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жетті. Құндылық тұрғысынан алғанда, алтын зергерлік бұйымдарға тұтынушылық шығындар бір жылмен салыстырғанда 9%-ға өсіп, 35 млрд долларды құрады.
Қазақстанда Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылы алтын бұйымдардың бағасы 8,3%-ға қымбаттаған.