Қазақстанда Amazon спутниктік интернеті пайда болады

АСТАНА. KAZINFORM — Елдегі жоғары сапалы интернет желісін кеңейту жоспары туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтып берді.

интернет
Фото: Freepik

Үкімет отырысында министр баяндаған слайдта көрсетілгендей, Kuiper (Amazon) интернетін Қазақстанда 2027 жылы енгізу жоспарланып отыр. 

Аталған жаңашылдықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен нақтылаған едік. 

— Өткен жылы қыркүйекте министрлік Kuiper (Amazon) компаниясымен спутниктік байланыс қызметін ұсыну туралы меморандумға қол қойды. Биыл дайындық жұмысы жүріп жатыр, — деген жауап алдық ведомстводан.

Айта кетсек, биыл тамызда Starlink Қазақстанда ресми түрде іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар