18:32, 15 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қазақстанда аң аулау маусымы басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда аң аулау маусымының басталғанын жариялады. Маусым аңдар мен құстардың кейбір түрлеріне ғана қатысты болып отыр және қыркүйектің бірінші сенбісінен 31 желтоқсанға дейін созылады.

Бұл туралы бүгін ҚР АШМ Орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нариман Жүнісов мәлім етті.
"Аң аулау объектілері сүтқоректілердің 34 түрі мен құстардың 59 түрі болып табылады. Бұғы, аю, сібірдің тау ешкілері, сібір еліктері, қабан, құрлар және қаз, үйрек сынды аң-құстарға қыркүйектен бастап аңшылық етуге рұқсат етілді. Аңшылық тұрақты аң аулау жерлері бойынша жүзеге асырылады", - дейді ол.
Бүгінгі таңда орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау саласының заңнамасын бұзғаны үшін 4016 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.