Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. KAZINFORM – Осы апта еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының әкімдері қызметтерінен алынып, оның бірі лауазымы жоғарылап, елордаға оралды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
Тамара Дүйсенова 1965 жылы ҚазКСР Шымкент облысында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастады.
1988-1992 жылдары — Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисті. 1992-1993 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисті. 1993-1994 жылдары — «Перизат-Холдинг» компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы. 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі болып жұмыс істеді. 1994-1997 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары. 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті. 1997-1999 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1999-2002 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2008-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы ақпан-маусым аралығында — Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2013-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2014-2017 жылдары — Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі. 2017-2018 жылдары — Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет етті. 2018-2019 жылдары — «Нұр Отан» партиясының хатшысы.
2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті. 2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі. 2020-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2022 жылғы 11 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. 2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта қызметіне кірісті. 2023 жылғы 8 маусымнан бастап — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Ал оның орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат. Қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдерін меңгерген.
Әр жылдары еліміздің Сыртқы істер министрлігінде, Президент Аппаратында, «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясында, «Мұнай мен газ тасымалы» Ұлттық компаниясында, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында, «Отан» Республикалық саяси партиясының орталық аппаратында, «KazEnergy» қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығында, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамында лауазымды қызметтер атқарған.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ауыл шаруашылығы вице-министрі, жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, министрдің орынбасары, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған. Жаңа тағайындауға дейін 2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған.
Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Мағзұм Маратұлы 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.
2001-2004 жылдары - Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер. 2004-2007 жылдары - «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы.
2007-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2010-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.
2013-2014 жылдары – ҚР Мұнай газ вице-министрі. 2014-2019 жылдар – ҚР Энергетика вице-министрі. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі. 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болды. 2022 жылдың қаңтарынан бері Президент кеңесшісі қызметін атқарды.
Рустам Баялиев Президент әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мемлекеттік басқару академиясын, халықаралық журналист, экономика бакалавры, экономика магистрі.
Еңбек жолын Қаржы министрлігінде Мемлекеттік салық комитетінің маманы болып бастаған. Әр жылдары Қаржы министрінің көмекшісі – департамент хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы, Алматы облысының ат спорты федерациясының басшысы қызметін атқарды.
2024 жылы ол Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалған еді.
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Асқар Қаныбеков Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қаныбеков Асқар Сәкенұлы Алматы қаласында дүниеге келген, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын салық инспекторы қызметінен бастап, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Алматы облыстық мәдениет басқармасының ішкі бақылау қызметінің бас маманы, Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі болды.
2013 — 2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқарма басшысының орынбасары болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің әкімшілік департаменті директордың орынбасары қызметін атқарды.
Сонымен қатар төрт жыл Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы болды. Осыған дейін Түркістан облысы аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы қызметіне Аян Бексейітов келді.
Бұған дейін жер қатынастары және жер ресурстарын басқару бағытында түрлі жауапты қызметтер атқарған ол еңбек жолын 2013 жылы бастап, білім беру саласында да ауқымды дайындықтан өткен.
2001 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы, 2002 жылы «Фемида» заң институтын «Заңтану» мамандығы, ал 2015 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.