Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. KAZINFORM – Өтіп бара жатқан аптада ел ішінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

8 қыркүйекте Қызылорда облысының сот әкімшілігі департаментіне Мөлдір Асанова тағайындалды.
Мөлдір Асанова 1985 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2009 жылы Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің іс тіркеушісі, 2009-2012 жылдары Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы-сот отырысының хатшысы, бас маманы-сот отырысының хатшысы, 2012 жылы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы болған. 2012-2015 жылдары Қызылорда қалалық сотының бас маманы, 2015-2017 жылдары Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі болып еңбек етті.
2017 жылдан бастап осы күнге дейін Қызылорда облысы бойынша сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Апта басынан СҚО әкімдігінің экономика басқармасын Наталья Дышкант басқарады.
Наталья Дышкант 1970 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Куйбышев ауданы Червонное елді мекенінде дүниеге келген.
1989 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын;
2004 жылы қаржы және несие мамандығы бойынша Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірді.
Техникумды аяқтағаннан кейін 1989 жылдан 2014 жылға дейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімінде штаттық инспектор, бас бухгалтердің орынбасары, жетекші маман, бас маман, басшының орынбасары, бөлім басшысы болып еңбек етті.
2015-2019 жылдары СҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.
2019 жылдан бастап осы күнге дейін қаржы басқармасын басқарды.
Дүйсенбіде ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Аппарат басшысы қызметіне ауысты.
Асылов Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылғы 14 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқық магистрі дәрежесімен аяқтаған.
Мемлекеттік басқару саласында үлкен еңбек тәжірибесі бар. Бірқатар ведомстволарды басқарған, министрліктерде, Есеп комитетінде, Президенттің Іс басқармасы мен Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2019–2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы лауазымында жұмыс істеді.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Аптаның алғашқы күніндегі тағы бір тағайындау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен қаржы басқармасына Қуанышбек Қалижанов басшылыққа келді. https://kaz.inform.kz/news/sko-akmdgnn-karzhi-baskarmasin-kuanishbek-kalizhanov-baskaradi-3580e6/
Ол 1981 жылы СҚО Ақжар ауданы Талшық ауылында дүниеге келген, жоғары қаржылық бiлiмi бар.
2001 жылы Көкшетау есеп-сауда колледжiн қаржы мамандығы бойынша бiтiрген;
2012 жылы «Көкше» академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2004 жылы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округiнiң маманы болып бастады.
2012-2015 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетi СҚО статистика департаментiнiң Ақжар ауданы статистика басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2015 жылдан 2021 жылға дейiн ҚР Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының статистика департаментi басшысының орынбасары болды.
2021 жылдан осы тағайындауға дейін СҚО әкiмдiгiнің экономика басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
9 қыркүйекте Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Сейсенбі күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
Аптаның екінші күні Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
– Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
11қыркүйекте Мұрат Оразбай Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментін басқаруға кірісті.
Мұрат Оразбай — мемлекеттік аудитор, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын жетекші маман қызметінен бастап, мемлекеттік аудит жүйесінде және орталық мемлекеттік органдарда мол тәжірибе жинақтады. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде түрлі басшылық және сарапшылық лауазымдарды атқарды. Жаңа тағайындауға дейін Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
11 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігі азаматтық қорғаныс басқарма басшысы болып Ерлан Иманбаев тағайындалды.
Ерлан Болатұлы 1976 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1997 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Тұтыныс тауарларын тауарлау», 2003 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Әр жылдары ішкі істер органдарында үзіліссіз қызмет атқарған.