Қазақстанда аралас режімдегі колониялар салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қылмыскерлерді қамауда ұстаудың аралас режіміндегі колониялар салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл бағыттағы жұмыстар бас бостандығынан айырылған адамның туыстарымен қарым-қатынасын үзбеу үшін жасалып отыр.

«Біз бас бостандығынан айырылғандар өздерінің отбасымен байланысты үзбеуі үшін жақын маңдағы аумақтарда болғанын қалаймыз. Алайда түгел облыстарда барлық режімдерді қамти алмаймыз, себебі бұл ауыртпалық мемлекетке салмақ түсіреді», - деді ішкі істер министрі комиссия отырысына қатысушылардың сауалына жауап беру барысында.

Осы орайда Қасымов бұл мәселені шешу үшін Қазақстанда аралас колониялардың құрылысы жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Атап айтқанда, бір колония тек қатаң тәртіпте ғана болмайды, яғни барлық режімдерді қамтитын колониялар салынады. Осы ретте 1500 адамға арналған мекемеде 500-і қатаң тәртіптегілер, тағы 500-і жалпы режім, сондай-ақ қалғанында ерекше тәртіптегілер болады. Бұл арқылы біз әр облыстың адамдарын өзінің тұрғылықты өңірінде қамауда ұстай аламыз», - деп түсіндірді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда 29 мың сотталған адам бар және 5 мыңы тергеу шараларымен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар
telegram