Қазақстанда Армениядан әкелінген 11 мың көлік тіркеуден өтті - министрлік
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Армениядан жеткізілген автомобильдерді тіркеу тетігін Үкімет әзірлеген болатын. 20 мамырда Үкімет қаулысы қабылданып, онда осы көліктерді тіркеудің нақты тәртібі айқындалды. Азаматтар үшін тіркеу талаптары айтарлықтай қолайлы. 1 маусымнан тіркеу шаралары басталды. Бүгінде тіркеу талаптарына еніп тұрған 14 мың көліктің 11 мыңға жуығы тіркелді. Күн сайын шамамен 400-ден астам автомобиль тіркеуден өтіп жатыр», - деді С. Түсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, Армениядан жеткізілген осы көліктер Қазақстанда тіркелгеннен кейін, оны пайдалану мерзіміне шектеу жасалмайды. Егер көлік иесі өзінің көлігін Қазақстандағы тіркеуден шығарғысы келсе, ол тиісті мерзімге көлік салығын төлеп, қазақстандық нөмір мен техпаспортты тапсырып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында армян техпаспорты мен мемлекеттік нөмірін қайтарып алады.
Еске сала кетейік, басқару органдары сол жақта орналасқан, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және олар Қазақстанға 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автомобильдер тіркеуге жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 20 мамырдағы№ 306 қаулысы).