Қазақстанда аса ауыр қылмыстар алқабилер сотының қарауына берілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда аса ауыр қылмыстар алқабилер сотының қарауына берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының кеңейтілген отырысында ведомство төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның дерегінше, алқабилер сотын дамыту жылдан-жылға нашарлай түсуде. Мәселен, өткен жылы олардың қатысумен небәрі 44 қылмыстық іс қаралған. 2017 жылы алқабилер қараған істер саны 72 болған. Мұндай жайт ең алдымен, заңнамалық сипаттағы себептерге байланысты орын алуда. Қазіргі уақытта алқабилер істі 13 құрам бойынша ғана қарай алады.

«Ұлт жоспарының 21 қадамында алқабилер сотын қолдану аясын кеңейту міндеті тұр. Біз өз тарапымыздан алқабилер сотына кезең-кезеңімен көптеген аса ауыр қылмыстарды беруді ұсынамыз. Қазіргі уақытта шамамен 27 құрам бойынша нақты ұсыныс бар», - деді Ж.Асанов.

Сонымен қатар ол қылмыстық өндірісте айыптауға бейімділік жүйенің өзекті мәселесі болып отырғанын айтты. Мәселен, 2018 жылы жария айыптау ісі бойынша ғана 280 адам ақталған.

«Еш уақытта мұндай болған емес. БАҚ пен әлеуметтік желілерді ақтау жөнінде ақпараттарды жариялап жатамыз... Үш цифр келтірейн, егер қылмыстық қылықты, барлық қылмыстық істерді, барлығы анық әрі айыптаушы мен қорғаушы арасында қарама-қайшылық жоқ істерді алып тастап, қалған істерді қалдыратын болсақ, онда жағдай мынадай: 2017 жылы барлық сотталушының 1,4 пайызы, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,5 пайызы, екінші жартыжылдықта 5,5 пайызы ақталған. Яғни, әрбір жарты жылда ақталушылар саны екі есеге жуық өсіп келеді», - деді Жоғарғы сот төрағасы.

Соңғы жаңалықтар