Қазақстанда аспаздық өнерге арналған жаңа сайт ашылды

Аспаздық өнерге арналған жаңа әлеуметтік желі ұйымдастырушыларының айтуынша, жобаның мақсаты - қазақтың ұлттық және әлем халықтарының ас түрлерін жаңғырту мен насихаттау, сонымен қатар ас түрлерінің кең ауқымы ұсынылған ақпараттық базаны қалыптастыру.
www.epovar.kz порталы қажетті тағам түрлерін іздеуге арналған тиімді және заманауи құралдармен, қолданушыларға арналған ыңғайлы қызмет көрсету түрімен жабдықталған.
Алдағы уақытта аталмыш сайтта асты дайындау процесіндегі фото суреттер, не кішігірім бейне-фильмдер орналастырылатын болады.
Әр отбасының күнделікті өмірінде аспаздық өнер маңызды орын алатыны белгілі. Жаңа аспазшылар клубының дүниеге келуімен енді, тамақ жасауды үйренемін деушілер сайттан қажетті рецептілерді алып қана қоймай, өздерінің авторлық ас түрлерін жариялап, дайындау құпияларымен бөлісіп, өз кеңестерін бере алады.