«Қазақстанда Астана мен Алматы қалаларын, Каспий теңізі және кең байтақ даланы көру керек» - Яо Пэйшэн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай Қытайдағы ең беделді «Қытай Халық газеті» ақпараттық сайтының бейне-порталында елімізге арналған «Сұхбат» телебағдарламасының трансляциясы өтті. Оған Қытайдағы ҚР Елшісі Нұрлан Ермекбаев және Қазақстандағы ҚХР-дың бұрынғы Елшісі Яо Пэйшэн қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
None
None

Қазақстан Республикасының ғаламдық ядролық қарусыздану әрекетіне қосқан үлесі, «АТОМ» жобасы, Қазақстанның Ұлы Жібек жолындағы тарихи рөлі, инвестициялық және туристік әлеуеті, сондай-ақ Үрімші қаласында өтетін 4-ші «Қытай-Еуразия» Халықаралық көрмесі сұхбатта көтерілген негізгі тақырыптар болды.

ҚР Елшісі қытайлық интернет-пайдаланушыларға Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қауіпті азайту саласындағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамалары туралы айтып берді. Сұхбатта Яо Пэйшэн Қазақстанда жұмыс істеген кездегі әсерлерімен бөлісіп, еліміздің тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктеріне назар аудартты. «Қазақстанда міндетті түрде: Астана мен Алматы қалаларын, Каспий теңізі және кең байтақ даланы көру керек», - деді ол. Сонымен қатар, ол Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм, энергия көзін дамыту, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, көлік тасымалы және басқа салалардағы ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікірін білдірді. Н.Ермекбаев және Яо Пэйшэн қытайлық интернет-пайдаланушыларға Қазақстан аумағында орналасқан және ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген Ұлы Жібек жолының нұсқалары туралы айтты. Айта кету керек, «Қытай Халық газеті» ақпараттық сайты Қытайдың ең ірі де танымал сайты болып табылады. Оны 300 миллионға жуық адам қолданады.

Соңғы жаңалықтар