Қазақстанда астық тапшылығы болмайды - А.Күрішбаев

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қазақстанда астық тапшылығы болмайды, өзімізден шыққан өнімдерді экспортқа шығаруға да мүмкіншіліктер бар. Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Қызылордада өткен брифингте журналистерге осылай деді.
None
None

Брифингте ол ағымдағы жылдың 6-7 тамызында Алматы, Жамбыл облыстарын аралап қайтқанын айтты. Оңтүстік өңірлерге биылғы қуаңшылық аса қатты тиді. Күннің ыстықтығы суармалы егіншілікпен айналысатын Қызылорда облысына ғана қатты әсер ете алған жоқ. Биыл өңірде бітік егін өсіріліп отыр. Енді несібеге біткен сол ырыздықты төкпей-шашпай тез арада жинап алу керек. Ал елімізге керекті астық өнімдері жайына келсек, Қазақстанның бірде-бір түкпірі оның қиыншылығын тартпайды. Арнайы меморандумға отыру арқылы біз келесі жылдың күзіне дейін облыстарға қажетті астықты жеткізіп береміз. Бүгінгі меморандум - соның дәлелі. Осы жерде министр ұн бағасының негізсіз көтерілуіне жол берілмейтінін мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрінің осыдан кейінгі жұмыс сапары Батыс Қазақстан облысында жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар