Қазақстанда ауа райы күрт құбылады: кей өңірде бұршақ, кей өңірде 42 градусқа дейін аптап ыстық

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 15 шілдеге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын таратты.  

Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Фото: Александр Павский / Kazinform

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып қала береді — найзағайлы жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыс пен солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал, ал батыста дауылды жел соғуы мүмкін.

Елдің қалған аумағында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжануда.

Аптап ыстық күтілетін өңірлер:

  • Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстары, сондай-ақ Жетісу мен Абай облыстарында — күндіз 35–38°С дейін ыстық болады.

  • Түркістан мен Жамбыл облыстарында — 39–40°С.

  • Маңғыстау облысында — 37–42°С дейін жететін аптап ыстық күтіледі.

Өрт қаупі жоғары:

  • Жоғары өрт қаупі:

    Батыс Қазақстан, Ұлытау облысы, Атырау облысының солтүстігі мен шығысы, Алматы облысының шығысы, Қостанай облысының оңтүстік-шығысы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облысының солтүстігі, батысы мен шығысы, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысы, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігі, Абай облысының солтүстік-батысы, батысы және орталығы, Жетісу облысының оңтүстігі, Павлодар облысының оңтүстігі.

  • Аса жоғары (төтенше) өрт қаупі:

    Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары, Жетісу облысының оңтүстік-шығысы, Жамбыл облысының батысы, оңтүстігі және шығысы, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігі, Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігі, Қостанай облысының оңтүстік-батысы, Атырау облысының оңтүстігі, Абай облысы, Ұлытау облысының орталығы мен оңтүстігі.

Бұған дейін Қазақстанның көптеген өңірлерінде дауылды ескерту жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар