Қазақстанда автокөлік саны күрт артты
«Жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам жол апатынан мерт болады. Сонымен қатар, тағы 19-ға жуық адам жараланып отыр» - деді Игорь Лепеха.
Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша еліміздегі жағдай күрделі. Сондықтан жолдағы қауіпсіздікке қатысты ерекше назар аударылып отыр. Дегенмен жолдағы апат санын тек полиция күшімен азайту мүмкін емес
«Бұл мәселе Мемлекет басшысының қатысуымен болған Қауіпсіздің Кеңесі отырысында бірнеше рет қаралды. Елімізде автокөлік паркі елеулі түрде өсті. Кейінгі 12-15 жылда автокөлік саны 3 млн-нан 5 млн-ға дейін артты. Сонымен қатар, жыл сайын халықаралық транзит ағыны да өсіп келеді. Жаз кезінде елімізге өздерінің көлігімен сапарлап келетін шетел азаматтары көбейеді. Еліміздің азаматтары да басқа өңірлерге барады. Бұл тұрғыда жолдағы апат күрт өсуі мүмкін. Жолдағы апат санын тек полиция күшімен азайту мүмкін емес», - деді Игорь Лепеха.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл сайын елімізде 13 мың жол-көлік оқиғасы тіркеледі.