Қазақстанда автокөлік сатып алушылардың саны артқан
АСТАНА. KAZINFORM — Желтоқсан айында 179,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 44,5% артқан. Оның ішінде автобустар 24,5%, жүк автомобильдері 38% сондай-ақ жеңіл автомобильдер санын тіркеу 45,2% ұлғайған.
2024 жыл басындағы Қазақстан автопаркінің көліктің шығарылған жылы бойынша көрінісі:
20 жылдан асқан — 2 459 мың автомобиль
10-нан 20 жылға дейін — 1 265,6 мың автомобиль
7-дан 10 жылға дейін — 680,7 мың автомобиль
3-тен 7 жылға дейін — 590,8 мың автомобиль
3 жылға дейін — 319,7 мың автомобиль
«2023 жылдың 12 ай ішінде 15 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 097 адам зардап шеккен. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 7,1%, зардап шеккендер саны 2,5% өскен» - делінген хабарламада.