Қазақстанда автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру ережелеріндегі өзгерістер күшіне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесіне, Көлік құралдарын тіркелу барысында ұсынылатын құжаттар (заңды тұлға жарғысы алынып тасталды) тізбесін қысқарту бөлігінде емтихан алу және жүргізуші куәлігін беру (ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы 12 сәуірдегі №383 бұйрығы) ережесіне өзгерістер күшіне енді, сонымен қатар көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті ауыстырғанда (жоғалғанда) көілк құралдарын тексеру жойылды.

 Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен хабарлады.

Сонымен қатар аталған өзгерістерге сәйкес, бүгіннен бастап тіркелген тұрғылықты мекенжайына қарамастан Мемлекеттік корпорация ғимаратында орналасқан тіркеу-емтихан алу бөлімшесінде емтихан тапсырған тұлғаларға жүргізуші куәлігі беріледі.

Бұған қоса, азаматтарға дербес дайындалуға және «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы ғимаратында  орналасқан тіркеу-емтихан алу бөлімшесінде «А, А1, В, В1» санаттарында автомото көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу емтиханын тапсыруға мүмкіндік беретін норма енгізілді.

Емтихандарды алу процедурасы өзгеріссіз қалады, теориялық және практикалық кезеңдерден тұрады. Көлік құралы жүргізушілігіне кандидат 40 минут бойы теориялық емтихан тапсырады. 32 сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда практикалық емтиханға жіберіледі.

Практикалық емтихан тапсыру барысында кандидат 20 минут бойы бір-бірімен белгілі бағдар бойынша байланысқан 12 сынақ жаттығуын тапсыруы тиіс. Бұл ретте айып балдары 100-ден аспауы қажет.

«Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясында көлік жүргізу дағдысы бойынша практикалық емтихан алу қажетті техникалық құралдармен жабдықталған, автоматтандырылған автодромдарда жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram