Қазақстанда әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына және мемлекетті басқару істеріне қатысуына барлық жағдай жасалған - Елбасы

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада өткен Қазақтан әйелдерінің V форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда әйел азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына және мемлекетті басқару істеріне қатысуына барлық жағдай жасалғанын атап көрсетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Үкімет 2000 жылдан бастап кәсіпкер әйелдерді қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асырып келеді. Ондаған мың әйел жеңілдетілген несиелер алып, өздерінің бизнестерін ашты. Алты жылдың ішінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту» қоры қаржысының 2 млрд. теңгесі игерілді. 2008 жылы әйелдер басқаратын 61 шаруа қожалықтары ауылдық несиелік серіктестіктер желісі бойынша несиелер алды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры әйелдерге сомасы 3 млрд. теңгеге жуық 10 мыңдай несие берді», - деді Н. Назарбаев. Президент сонымен қатар Қазақстанда әйелдерге ерлермен бірге мемлекетті бақару істеріне қатысуға мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалғанын айтып, әйелдердің саяси көшбасшылығын күшейту жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілгенін жеткізді. «Осы фактілердің бәрінде Ұлттық комиссияның құрамында жұмыс істегендердің барлығының зор еңбегі бар», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар