Қазақстанда аю мен қасқырды атуға қатысты лимит өзгеруі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев ШҚО аумағында аю, қасқыр және қабан санының артуына қатысты түсінік берді.

Аңшылық
Фото: logo Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Айта кетейік, жақында сенатор Қайрат Тастекеев аталған аң түрлерінің санын реттеуге қатысты депутаттық сауал жолдаған еді. 

— Жекелеген ауылды округтерде малды талаған жағдайлары болды. Шығыс Қазақстан облысында аңдардың санын қадағалайтын арнаулы ұйым бар. Соның арасында қабан санын да реттейді. Сонымен қатар, қасқырлар саны да реттеліп тұрады. Қажет болғанда, яғни қауіп төнсе, лицензиялар беріліп, аң аулауға рұқсат етіледі. Лимиттер жыл сайын санақтардың негізінде белгіленеді, — деді Н. Шәрбиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, аю популяциясының жылдық өсімі шамамен 50 пайызды құрайды. Шығыс Қазақстан облысында аюлар жойылып бара жатқан түрлердің тізімінде жоқ, олардың саны шамамен 4,5 мың шамасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар тізіміне тағы 11 түрі енгізілмек.

Елімізде қар барысының саны қаншалықты артқаны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар