Қазақстанда банктік қарыздар бойынша шекті мөлшерлеме белгіленді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлері айқындалды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысында көрсетілген.

Қазақстанда банктік қарыздар бойынша шекті мөлшерлемелер белгіленді
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Осылайша, банктік қарыздар бойынша ең жоғары жылдық мөлшерлемелер белгіленді: 

– кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46%;

– кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35%;

– ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша – 25%.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс. 

Ал мерзімі 45 күнге дейінгі және сомасы 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын микрокредиттер бойынша мөлшерлеме тәулігіне 0,3%-дан, ал жылдық есеппен 179%-дан жоғары болмауы қажет. 

Бұған дейін Мәжіліс банктер туралы заңға Сенат жаңа редакцияда ұсынған баптармен келіскенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар