Қазақстанда бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жаңа жобасы әзірленді - вице-премьер

«2009 және 2012 жылдары жүргізілген ЭЫДҰ PISA халықаралық зерттеулері негізіндегі тәжірибені тарату аясында Назарбаев Зияткерлік мектептері бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жаңа жобасын әзірледі. Стандарт 2015-2016 оқу жылдарында 30 мектептің базасында қабылданатын болады», - деді ол.
Осы орайда вице-премьер жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін педагогтер дайындығы сапалық деңгейге көтерілуі тиістігін баса айтты.
«Оқытушылар жаңа педагогикалық технологияларды игеруі және балаларға өмір дағдыларын үйретуі тиіс. 12 жылдық білім беру беру моделіне көшу аясында білім бағдарламаларының мазмұнын түбегейлі өзгерту қажет. Үш жыл ішінде қысқа мерзімді және 3 деңгейлі курстардан 315 мың педагог өтетін болады», - деді Г.Әбдіқалықова.