Қазақстанда базарлар мен құрылыс нысандары тексеріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» шарасы өтеді.
None
None

«Еліміздегі жедел жағдайды тұрақтандыру, қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру, халық арасында учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында, республика аумағында ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап 1 желтоқсанға дейінгі аралықта «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарлануда», - делінген ҚР ІІМ мәліметінде.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде учаскелік полиция инспекторларының пәтерлер және аулалар бойынша әкімшілік учаскелерді, ІІО есебінде тұрған адамдарды мекенжайы бойынша тексеруі ескерілген. Сонымен қатар шара барысында азаматтық қару иелерінің олардың сақталу жағдайларының тәртібін, базарлар мен сауда орындарын шолу, сондай-ақ көші-қон заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау, саяжай алқаптары мен құрылыс нысандарына тексеру жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта осы іс-шараны өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар