Қазақстанда Bed tax туристік салығы жойылды

Туризм
Фото: Ашық дереккөзден

Bed tax туристік салығын алып тастау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Біз Bed tax салығын жою шешімін қабылдадық. Ол отандық бизнес үшін де, келуші шетелдік туристер үшін де белгілі бір қолайсыздықтар туғызады», - деді Ержан Еркінбаев.

Вице-министр атап өткендей, ел бойынша осы туристік алым енгізілген сәттен бастап 500 млн теңге жиналған.

«Bed tax-тың идеясы дұрыс болған. Оның минусы – ақша жергілікті бюджетте қалды. Олар орталық бір қорға түссе, онда оның пайдасы біздің еліміздің туризм әлеуетін жарнамалауға жұмсауға болатын еді», - деп түсіндірді Ержан Еркінбаев.

Бұған қоса ол министрлік сыныбымен лагерге баратын балалар үшін ұшақ билетін тегін етуді ұсынып отырғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар