Қазақстанда бензин тапшылығы бар ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев бензиннің қазіргі бағасына қатысты сұраққа жауап берді,  деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Шынымен де, қазіргі кезде бірқатар аймақтардың жанар-жағармай құю бекеттерінде тапшылық байқалады. Дегенмен, тапшылық бар деп айтуға болмайды. Мәселе мынада, аймақтарда емес, жанар-жағармай құю бекеттерінде бензин жетіспей жатыр. Себебі оны Ресейден тасымалдайды. Біз Ресейдің энергетика министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан бензин тапшылығына қатысты қандай да бір проблема туындамайды. Жалпы, аймақтарда бензин бар. Бірақ қыркүйектің аяғына дейін кейбір жанар-жағармай құю бекеттеріндегі жағдай түзелуі керек", - деп атап көрсетті Мырзағалиев.

Оның айтуынша, дәл қазір бензиннің бағасына нақты болжам жасау қиын. Себебі бағаға мұнайдың бағасы да, оны сырттан тасымалдау көлемі де әсер етеді.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында вице-министр Мырзағалиев ЭКСПО-да таныстырылған барлық жобалардың ішінен 105 теxнологияның іріктелгенін және қай жобалардың Қазақстанда енгізілітенін жариялады. https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-ekspo-nyn-kay-texnologiyalary-engiziledi_a3067846

Соңғы жаңалықтар