Қазақстанда бейсенбі күні ауа райы құбылмалы болады

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты бейсенбі күні кей жерлерде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, жел күшейіп, тіпті бұршақ жаууы да ықтимал. Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік батысында, оңтүстік шығысында, солтүстік шығысында күн ашық, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
None
None

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жауып, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі.

Жамбыл облысында кей жерлерде секундына 15-20 метр жел соғады, күндіз ол секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұршақ жаууы да ықтимал. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында секундына 17-22 метр жел соғып, жел күшеюі мүмкін.

Ақтөбе облысында жел 18 метр/секунд жылдамдықпен соғады деп күтілуде. Маңғыстау облысында түнде және күндіз тұман түседі.

Күндіз Алматы, Атырау, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар