Қазақстанда білім алып жатқан Ауғанстан студенттері НАТО-ның штаб-пәтерінде болды

БРЮССЕЛЬ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық және ауғандық бір топ студент НАТО-ның шақыруымен Брюссельдегі Солтүстікатлантикалық альянстың штаб-пәтерінде болды.
None
None

«Өткен жылдан бастап біздің факультетте Ауғанстаннан көптеген студент оқиды. Топтың құрамында бес - қазақстандық және бес - ауғандық студент бар. Солтүстікатлантикалық альянстың штаб-пәтеріндегі кездесулер барысында біз НАТО-ның Ауғанстан мен Орталық Азиядағы қызметінің негізгі бағыттарын талқыладық. Менің ойымша, бұл біздің өңірде тұрақтылықты орнатуға жақсы негіз болады. Мүмкін, алдағы таяу уақытта ауғандық осы студенттер мен біздер өз елдіріміздің саяси элитасын қалыптастырып, байланыстар орнатармыз», - деп атап өтті ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті халықаралық байланыстар факультетінің 2-курс магистранты Марат Иржанов.

ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың сөзіне сілтеме жасай отырып, бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанның ЖОО-ларында мыңнан астам ауғандық студент білім алатын болады. Біздің ел бірнеше жыл бойы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіп келеді, сондай-ақ, осы елдегі бірқатар гуманитарлық жобаны қаржыландырып отыр. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру солардың бірінің жарқын мысалы. Е.Қазыхановтың айтуынша, бұл бірнеше жылға есептелген, едәуір ауқымды жоба. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкіметтен 50 млн. доллар бөлінді.

Соңғы жаңалықтар