Қазақстанда бір тәулікте теміржолдан 32 мың текше метрден астам қар жиналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты 28-29 желтоқсанда теміржол көлігі дайындалды, деп хабарлады «ҚТЖ» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен.
None
None

Жолды қардан тазартуға 147 қар жинайтын техника жұмылдырылды. Екі мыңнан астам жұмысшы ауа райының күрделі жағдайларында жұмыс істеді. Өткен тәулікте жолдан 32 мың текше метрден астам қар жиналды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аймақтық кәсіпорындары мен барлық командалық құрамының тәулік бойындағы кезекшілігі қамтамасыз етілді. Қалыпқа келтіру және өрт сөндіру пойыздарының штаттан тыс режимдегі жұмысқа дайындығы тексерілді.

Сондай-ақ, теміржол көлігі жұмысында айтарлықтай олқылықтар болмағаны хабарланды. Пойыздардың көбі кестеге сай жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар