Қазақстанда бірқатар спортта бас жаттықтырушылар қызметтен кетуі мүмкін

«Нәтиже үшін бас жаттықтырушы жауап береді. Нәтиже тағайындалғаннан кейін 2-3 жылдан кейін болуы керек. Ал бізде 10 жыл бойы бас жаттықтырушы болып, еш нәтиже көрсетпейтіндер бар. Сондықтан кейбір бас жаттықтырушылардың қызметтен кеткені абзал. Бұл - заңды құбылыс. Осы орайда бірнеше спорт түрі бойынша бас жаттықтырушылардың қызметін қайта қарауды тапсырамын. Айталық, шаңғы жарысы, биатлон, фристайл-акробатика, трамплиннен шаңғымен секіру секілді спорт түрлері», - деді Дәурен Абаев Щучинскіде өткен XXIV қысқы олимпиада ойындарының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыста
Министрдің айтуынша, келесі олимпиадаға дайындықты бүгіннен бастау керек.
«Токио және Бейжің олимпиадасы нәтижесінде отандық спорттың шама-шарқын көрдік. Ендігі шаруа шұғыл шешім қабылдап, олимпиадаға дайындықты одан әрі жалғастыру. Ертең емес бүгіннен бастап қолға қажет», - дейді ол.
Бұған дейін ведомство басшысы Бейжің олимпиадасының қорытындысына қатысты түсінік берді.
Сондай-ақ, Д. Абаев спорт төрешілерінің жалақы проблемасын көтерді.