Қазақстанда биыл қаңтар айында жеңіл автокөліктердің орташа бағасы 6 млн. теңгеден асты

Сонымен, 2016 жылдың алғашқы айында жаңа автокөліктерді сату, 2015 жылдың желтоқсан айымен 45,68 пайызға төмендеді. Бұл айда барлығы 3492 жеңіл автокөлік сатылған. Бұл соңғы 4,5 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.
Ал жылдық салыстырылым бойынша, жеңіл автокөліктерді сатудың төмендеуі 2015 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 55,25 пайызды құрап отыр.
Қазақстан Даму Банкінің ресми мәліметі бойынша, елімізде 2016 жылдың 4-ші ақпанына қарай, автонесие алу бойынша жалпы сомасы 16 874,9 млн. теңгеге 5 182 өтінім қанағаттандырылған.
Солардың ішінде екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 14 197,2 млн. теңгеге 4 439 несие берген. Осылайша, арнайы бөлінген 26 млрд. теңгенің 64,9 пайызы мақұлданды. Яғни, қаржының 54,60 пайызы игерілді», - делінен хабарламада.
Сатылған жеңіл автокөліктердің (олардың ішінде жолсызбен жүре беретін автокөліктер де бар) орташа бағасы (АКАБ есебі бойынша)қаңтар айында 6 763 644 теңгені құрады.