Қазақстанда бокс клубтары арасында чемпионат өтеді

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов қазақстандық бокс клубтары арасында чемпионат өтетінін айтты.

Қазақстанда бокс клубтары арасында чемпионат өтеді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ҚБФ бас хатшысының айтуынша, аталған чемпионатты 2026 жылы бастап өткізуді жоспарлап отыр.

Мерей Ақшалов
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Өздеріңіз білесіздер, кезінде Astana Arlans деген бокс клубы болды. Сол жерде бокстасып, көп тәжірибе жинақтадық. Енді осы турнирді келесі жылдан бастап елімізде өткізуді жоспарлап отырмыз. Аталған чемпионатқа өңірлік спорт басқармаларына қарасты бокс клубтары қатыса алады. Жарыс 5 раундтан, жартылай кәсіпқой бокс стилінде өтеді, — деді Ақшалов федерациясының жылдық конференциясында.

Мерей Ақшаловтың айтуынша, осындай турнирлерді ұйымдастыру спорттық резервті қалыптастыруға, өңірдегі бокс спортын дамытуға септігін тигізеді.

Еске сала кетейік, бүгін елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ҚР бокс федерациясының жылдық конференциясы өтті.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық 11 жас боксшы финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар