Қазақстанда бұдан былай АИ-80 бензині сатылмайтын болды

«Мұнай зауыттары жаңғыртудан өткеннен кейін мотор майларының сапасы К-4 және К-5 стандарттары негізінде өндіріледі. Өкінішке қарай, АИ-80 маркалы бензин бұл жоспарға кірмейді. Қазіргі таңда АИ-80 маркалы бензиннің өндірісі тоқтатылды. Алайда ол бензиннің белгілі бір бөлігі ғана Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша өндіріліп жатыр», - дейді Қуаныш Құдайбергенов.
Оның айтуынша, адағы уақытта жанар-жағармай құю станцияларында АИ-80 маркалы бензин болмайды.
«Қазіргі таңда біз АИ-80 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеуден алып тастау механизмін қарастырып жатырмыз. Енді аталған бензиннің бағасын нарық реттейтін болады. Алдағы уақытта аталған жанармайдың белгілі бір бөлігі сырттан экспортталуы мүмкін», - дейді Қуаныш Құдайбергенов.