Қазақстанда былтырғы шілдеден бері іздеуде болған қылмыскер Ресейде ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Новосибир қаласында Қазақстанда 2015 жылғы шілдеден бастап іздеудегі жазасын өтеушіні ұстады, деп хабарлады ШҚО қылмыстық-атқару департаментінен.

«28 жастағы жазасын өтеуші Өскемен қаласы ОВ-156/22 қоныс колониясына алаяқтығы үшін төртжыл мерзімге сотталған. Өткен жылғы шілдеде еркін жүріп-тұру құқығын пайдаланған ол еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істеп жатқан орынан қашып кетіп, белгісіз жерде бой тасалаған», - деп атап өтеді ШҚО ҚАЖ облыстық департаментінің ақпаратында.

Содан бері ер адамға федералдық іздеу жарияланған. Оның ізіне Ресей ІІМ қызметкерлері де түсті.

«Оны Қазақстанға экстрадациялау бойынша мәселе халықаралық пактқа сәйкес шешіледі», - делінген облыстық пенитенциарлық жүйе ведомствосы хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар