Қазақстанда ChatGPT чатының баламасы жасалады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстанда азаматтарға тәулік бойы құжаттарды өңдеуге және барлық сұраққа жауап алуға мүмкіндік беретін ChatGPT баламасын әзірлеу басталды.

ChatGPT баламасы жасалады
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, болашақта қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді ChatGPT форматында байланыс жасау арқылы ала алады.

«Биыл біз e-Gov өнімдеріне жасанды интеллект енгізуді көздеп отырмыз. Қазір Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, қазақстандық әзірлеме базасында GPT чатының баламасын жасау жұмысы басталды. Біз үшін ең маңыздысы – адамдарға жағдай жасау», - деді министр.

Оның айтуынша, жасанды интеллект қазақ тіліне аударылады, қазіргі уақытта қазақ тілді LLM құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

«Қазақстан жасанды интеллектке өзінің цифрлық өнімімен енуді мақсат етіп отыр», - деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Соңғы жаңалықтар