Қазақстанда да, Ресейде де жеке бизнес біздің Үкіметтеріміздің жаңа өнеркәсіптік және инновациялық жобалар мен жаңғырту реформаларын қолдауға қабілетті - Елбасы

ЕКАТЕРИНБУРГ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда да, Ресейде де жеке бизнес біздің Үкіметтеріміздің жаңа өнеркәсіптік және инновациялық жобалар мен жаңғырту реформаларын қолдауға қабілетті. Бұл туралы бүгін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Қазіргі таңда Қазақстанда да, Ресейде де жеке бизнес біздің Үкіметтеріміздің жаңа өнеркәсіптік және инновациялық жобалар мен жаңғырту реформаларын қолдауға қабілетті. Ондай бастамалардың көпшілігі жүзеге асырылуда», деді Н.Назарбаев.

Осы орайда Елбасы мемлекетаралық бизнес кооперациясының жемісті үлгілері орын алып отырған машина жасау, кен-металлургия кешені, уран және химия өнеркәсібі салаларын атады.

«Мәселен, Ресей мен Қазақстан кен-металлургия салаларында бір -бірін табиғи толықтырады. Дәстүрлі түрде Қостанай облысы Ресейдің металлургиялық кәсіпорындарына окатыш, ал Павлодар алюминий шикізатын жеткізеді», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ҚР Президенті Ресейдің Евраз холдинг компаниясы Қостанай облысында прокат зауытының құрылысын аяқтайтындығын, оның жылдық қуаты 450 мың тонна уақ сұрыпты прокат болатындығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар