16:09, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Қазақстанда даму әлеуеті өте жоғары - Кевин Ву
АЛМАТЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бағдарламашылар үнемі жаңа технологияларды өңдеп отырады, сол себепті оларды ұлғайтуға қажеттілік бар. Технологияның арқасында компьютерлер біздің өмірімізді өзгертті - уақытты үнемдеп, адам жұмысының өнімділігін арттырды. Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстанға бірінші рет сапармен келген Kingston Technology Inc вице-президенті Кевин Ву баспасөз конферециясында мәлімдеді.

«Біз Қазақстанның даму әлеуеті өте жоғары екенін көріп отырмыз. Бұл көптеген Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Себебі Қазақстан ТМД-дағы жетекші ел. Біз Қазақстанда адамдардың жаңа өнімді сынауға өте қызығушылықпен қарайтынын аңғардық», - деді К.Ву.
Сонымен қатар, шараны ұйымдастырушылар мәліметтерді сақтауға деген сұраныс жыл өткен сайын 40 пайызға дейін артып отырғанын хабарлады. Бұл көрсеткіш Қазақстанда одан да жоғары.