Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады - Қасым-Жомарт Тоқаев

«Қиын күндер артта қалды. Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген бүкіл халқыма шынайы ризашылығымды білдіремін. Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек. Ең бастысы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Еңді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл - шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік. Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!», - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйек айындағы Жолдауында саяси реформалардың жаңа пакетін таныстырады.
«Қыркүйек айындағы дәстүрлі Жолдауымда саяси реформалардың жаңа пакетін таныстырамын. Ол азаматтық қоғам және сарапшылармен кеңейтілген әрі конструктивті диалог негізінде дайындалады. Мемлекет өзінің базалық функцияларының толыққанды және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.