Қазақстанда дәрігер тапшылығы азайып келеді - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда медицина кадрларының тапшылығы біртіндеп төмендеп келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ақтөбеде оқушылар денсаулығын тексерген дәрігерлер әрекетінен бұзушылық анықталмады
Фото: Pexels

Деректе 2023 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы 20 пайызға, ал орта медициналық персонал тапшылығы 7 пайызға қысқарғаны атап өтілген.

Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда дәрігерлермен және орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету көрсеткіші Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің орташа деңгейінен асып түседі.

- 2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 11 626 түлек бітіреді деп күтілуде. Олардың үштен екісі өңірлерге бөлініп, жергілікті медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасады, – деп көрсетілген хабарламада.

Кадр жетіспеушілігін азайту үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары қабылданып жатыр. Мәселен, сұранысқа ие мамандықтар бойынша ауылдық жерге бес жылдан астам мерзімге жұмыс істеуге жіберілген 254 дәрігер жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асатын көтерме жәрдемақы (100 ЕТЖ мөлшерінде) алған.

Сондай-ақ, медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы орта есеппен 20 пайызға ұлғайтылғаны айтылған.

- Өңірлік сұранысты ескере отырып, бакалавриат пен резидентураға 5 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Сонымен қатар, резидентура шеңберінде «Педиатрия» бағыты мен балаларға арналған 14 жаңа мамандық енгізілген. Бұл шаралар білікті медициналық кадрлардың тапшылығын жоюға мүмкіндік береді – делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетейік, Ақтөбенің бас санитария дәрігері сотталды.

Соңғы жаңалықтар