18:05, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
«Қазақстанда Дельфий қозғалысын дамытудың жаңа тұжырымдамасы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Ағымдағы жылғы ақпанның 11-інде «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Жас Отан» жастар қанатының және Ұлттық Дельфий комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстанда Дельфий қозғалысын дамытудың жаңа тұжырымдамасы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Баспасөз мәслихатында елімізде Дельфий қозғалысын дамытудың жаңа тұжырымдамасының тұсаукесері өтіп, шығармашыл жастарды дамыту жөніндегі жаңа жобалар ұсынылады. Оның ішінде «Шығармашылық шабыт», «Алдар Көсе», театрландырылған балалар фестивалі, «Әнім саған ? туған жер» патриоттық әндердің жастар байқауы бар.«Ұлттық Дельфий комитеті» жастарды мәдени және рухани жағынан дамыту жөнінде сараптамалық кеңес құруды жоспарлауда. Оның құрамына қазақстандық белгілі тарихшылар, ғалымдар, мәдениеттанушылар, археологтар, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының ресми өкілі Оксана Петерс.